8 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде жаңбыр күтіледі
Өңірде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде температура +18...+23°C. Облыстың батысы мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Күндіз қатты ыстық болады. Ауа температурасы +30...+35°C дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді.
Ал Павлодар қаласында түнде +18...+20°C. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз қатты ыстық +33...+35°C. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз.