8 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ күтіледі

8 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде сынап бағанасы күндіз -5…-10 градусты көрсетеді. Қар, бұрқасын, көктайғақ болады.

Павлодарда ауа температурасы -7…-9 °C болады. Көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын, тұман күтіледі.