8 қаңтарда Павлодар облысында қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде ауа температурасы -13…-18 °C-ты көрсетеді.Облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын. облыстың шығысында тұман күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы -13…-15 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, аздаған қар, бұрқасын, тұман болады.