9 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады

9 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы күндіз +15...+20 °C-қа дейін жылынады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз +17...+19 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.