Аққулы ауданында негізсіз баю туралы азаматтық іс татуласумен аяқталды

Аққулы ауданында негізсіз баю туралы азаматтық іс татуласумен аяқталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әйел құрбысына көмектескісі келіп, ақшасынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аққулы аудандық соты негізсіз баю сомасын өндіру туралы азаматтық істі қарады. Әйел 2025 жылдың 12 тамызында құрбысына көмек көрсетіп жатырмын деп ойлап, үшінші тұлғаның банк картасына 180 мың теңге көлемінде ақша аударғаны анықталды. Кейін құрбысының «WhatsApp» мессенджеріндегі аккаунтын алаяқтар бұзғаны, банк картасы оған тиесілі емес екендігін білді.

Осы факті бойынша әйел полицияға жүгінді. Тергеу барысында банк картасына заңсыз жолмен алынған, ақшалай қаражат аударылған тұлға анықталды.

Азаматтық іс соттың іс жүргізуіне қабылданды және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Іс бойынша татуластырушы судья татуластыру рәсімдірін жүргізді. 

Тараптар арасында медиациялық келісім жасалып, сот оны бекітті. Олардың татуласуына байланысты азаматтық іс тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енді.