Ақсуда ағаш құлап, бала зардап шекті

Дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетіп, жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 жылы туған ұл бала ағаш құлаған сәтте жарақат алды. Оқиға шамамен сағат 19:00-де Ақсу қаласында болған.
Дәрігерлердің қарауынан кейін зардап шеккен балаға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Қазіргі уақытта бала амбулаториялық ем қабылдап жатыр.