Ақсуда фотосурет шеберлері көктем мен қала тарихын паш етті

Ақсуда фотосурет шеберлері көктем мен қала тарихын паш етті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында дәстүрлі «Көктем. Алғыс. Әйел» атты фотокөрме өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл бұл көрме он бірінші рет ұйымдастырылды.

Биылғы көрме Ақсу қаласының 65 жылдығына және фотограф Николай Рындиннің «Жүрекке жақын қала» атты авторлық фотомұрасына арналды.

Он бірінші рет өткен көрмеде көрермендерді он бір фотосурет шебері өз туындыларымен таңғалдырды. Түрлі-түсті және қара-ақ фотосуреттерде көктемнің шуақты сәттері мен қала тарихының беттері бейнеленді.

Іс-шараға қатысқан барлық авторлар алғыс хаттармен марапатталды. Ал арнайы шақырылған қонақтарға арналған баршаға таныс әрі сүйікті шығармалардан құралған концерттік бағдарлама кештің шығармашылық мазмұнын толықтыра түсті.

Көрме жылы әрі шынайы атмосферада өтті. Қонақтар экспозициямен қызығушылықпен танысып, әсерлерімен бөлісіп, фотосуреттерден жүрекке жақын оқиғалардың көрінісін тапты.