Арт-көрме, емен тұқымын отырғызу: Павлодарда экологиялық кеш өтеді
Аталмыш іс-шарада шеберлік сағаты ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «ЭкоӘлем» жобасының тұсаукесері ұйымдастырылады.
Іс-шараға студенттер, оқушылар, облыстық кітапхана оқырмандары, Павлодар тұрғындары мен қонақтары қатысады. Тереңкөл ауданының ОКЖ кітапханалары іске асыратын «ЭкоӘлем» жобасының мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, материалдық құндылықтарды сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, әдебиетті оқуды насихаттау.
Бұдан бөлек, жобаның тұсаукесерінде «Подари Земле сад» ҚҚ төрағасы Юрий Гашек сөз сөйлеп, тәжірибелі әуесқой гүл өсіруші Ольга Дугина қызықты шеберлік сабағын өткізеді.
– Соңғы жылдары қоғамның экология мен экологиялық ақпаратқа деген қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар тұсаукесер аясында қатысушыларды жергілікті әуесқой фотографтардың жұмыстарының арт-көрмесі, экологиялық таза өнімдерді сатып алуға болатын эко-тауарлар мен қызметтер көрмесі, экологиялық қыш құмыраға емен тұқымын отырғызу, ең өзекті тақырыптар бойынша тұсаукесерлер және пікірталастар күтеді, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара 28 мамырда сағат 11.00-де өткізіледі.