Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Фото: Валерий Бугаев

Қабылдауда ТҮКШ, медициналық қызмет көрсету, тұрғын үй беру, спортты дамыту және т.б. мәселелер сөз болды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мәнерлеп сырғанау спортының жаттығу процесін ұйымдастыру бойынша №1 БЖСМ-нің жас спортшыларының ата-аналары жүгінді. 

Ак. Сәтбаев көшесі, 38 мекен жайында тұратын облыс орталығының тұрғыны квартал ішіндегі аумаққа бейнебақылау камераларын орнату мәселесін көтерді. 

- Өңірдің екі тұрғыны мұрағаттық анықтамаларды көтеріп, оларды «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй алуға кезекке қоюдың дұрыстығын анықтауды сұрады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау барысында басқа да әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды. 

Асайын Байханов аймақтың дамуына белсенді қатысуға ұмтылысы үшін өңір тұрғындарын бағалайтынын атап өтті. 

Кездесу барысында көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Жауапты тұлғаларға қосымша пысықтауды талап ететін өтініштер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. 

Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.