Асайын Байханов Ольга Сафроноваға екі миллион теңге табыс етті
Павлодарлық жеңіл атлет Париждің «Stade de France» орталық стадионында өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің Туын алып шығу құрметіне ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Асайын Байханов Париж қаласында өтетін 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Ольга Сафроновамен кездесті.
Көк байрағымызды Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов ұстап шығады.
Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға Қазақстан Туын табыс етті.
– «Жеңіл атлетика» спорты түрінен өңірімізден Ольга Сафронованың өткенін мақтан тұтамыз. Бұл Павлодар спорты үшін жоғары жетістік екені сөзсіз, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова үшін бұл – төртінші Олимпиада ойындары. Париждың алдында спортшы жеңіл атлетикадан халықаралық Silk Road to Paris жарысында 200 метрге жүгіруде «алтын» жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ, облыс әкімі спортшыға сәттілік тілеп, сертификат табыстады. Өз кезегінде Ольга Сафронова облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жанкүйерлердің сенімін ақтауға бар күшін салатынын жеткізді.
Айта кетейік, Парижде өтетін 33-ші жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады.