«Астана Арена» Ертіс аймағындағы ең мықты команданы анықтайды

«Астана Арена» Ертіс аймағындағы ең мықты команданы анықтайды
Фото: «Ертіс» ФК

16 мамырда Қазақстан футбол Премьер-лигасының оныншы туры басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодардың орталық стадионындағы алаңның ауыстырылуына байланысты «Ертіс» елдің басты футбол аренасында қарсыластарын қабылдауды жалғастырады. Бұл жолы Астанада Павлодар Ертіс бойы аймағының тағы бір командасы – Семейдің «Елімайымен» кездеседі.

Бұрын бұл қарсыластар арасындағы матчтар ымырасыз бәсекелестіктерімен танымал болды және Қазақстан футболының ең жарқын сәттеріне айналды. Бұл командалар арасындағы алғашқы ресми кездесу. «Елімай» жаңарған кейіпте (бұрынғы клуб 2016 жылы жабылды) жоғары лигада екінші маусымын өткізіп жатыр, ал «Ертіс» ҚПЛ-ға биыл ғана жоғары лигаға оралды.

Екі команда да соңғы матчтарын сәтсіз өткізді. Амбициясы жоғары «Елімай» соңғы екі ойынын күтпеген жерден «Ұлытау» және «Каспий» сияқты ортаңқол қарсыластарға жеңіліп, алтыншы орынға түсті. «Ертістің» жағдайы одан бетер нашарлады: бес рет қатарынан жеңілістен кейін команда Бірінші лигаға түсіретін орындарға бір қадам жақындады.

Көріп отырғаныңыздай, матч қызу болады деп күтілуде. Ойын 15 мамырда сағат 19:00-де басталады. Клуб ойынды өз көзімен көргісі келетін жанкүйерлерге автобус бөлді. Қалғандары матчты KFF League YouTube арнасынан тікелей эфирде көре алады.