Ақшамды қайтару екіталай деп ойладым: Екібастұзда алаяқ ұсталды

Ақшамды қайтару екіталай деп ойладым: Екібастұзда алаяқ ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының азаматы алаяқтың құрбаны болған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамды белгісіз жерде алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 4 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірген. 

Тәртіп сақшылары қаскүнемді анықтап, ұстады. Ол Екібастұз қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақша аударымдары арқылы ақша алған. 

– Мен, Ресей Федерациясының азаматы Эльвира Исупова Қазақстанның барлық полициясына зор алғысымды білдіргім келеді. Астана, Павлодар және Екібастұзда ісіме қатысты жұмыстар жүргізді. Өз қаржымды қайтарып алу екіталай деген оймен жүрдім, бірақ тәртіп сақшылары бұл істі бір күнде ашты. Қазақстанның барлық полициясына, атап айтсам, Екібастұз полициясының қызметкерлеріне, тергеуші полиция лейтенанты Темірлан Оспановқа және жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Рымбек Әділхановқа алғысымз зор, – деп жазады Эльвира Исупова.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.