Бүгін Павлодар облысында бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқиды
Оқушылардың тағы да үйде қалуына ауа райы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуіше, 2 наурызда Павлодар, Ақсу қалаларында, сондай-ақ Ақтоғай, Железин, Ертіс, Павлодар, Шарбақты, Успен, Аққулы мен Теренкөл аудандарында 1-ауысымда оқитын 1–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ал Екібастұз қаласында, Май және Баянауыл аудандарында оқу қалыпты штаттық режимде жүргізіледі.