Баянауыл ауданында отбасы қайта табысқан
Жарты жылдан астам уақыт балалар ата-аналарымен кездесуін күткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығында мәлімделді.
– Бүгін біз төрт ағайынды баланы Баянауыл ауданына жөнелттік. Олар шамамен сегіз ай бойы ата-аналарымен қайта қауышуды күткен еді және міне, бұл күн келді. Біздің орталық пен бүкіл әлеуметтік қызмет баланың арманының орындалуы үшін бар күшін салды! Біз ата-аналармен байланыста болдық, оларға кеңес беріп, құжаттарды рәсімдеуге, тіркеуге, талап-арыздарын дайындауға көмектестік. Балалардың тұруына жағдай жасау үшін ауылға барып, тексеріп қайттық, – деп хабарлады орталықта.
Ведомство осы жағдайдағы қолдау көрсеткен Салтанат Сипатилова мен Әсел Әбішеваға алғыстарын білдірді. Енді төрт баланың ата-анасында өмірлерін түзеу мүмкіндігі пайда болды, сонда балалар қолайлы отбасында өсе алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram