Баянауылдағы көлде демалушы құтқарушылардың көмегіне жүгінді

Баянауылдағы көлде демалушы құтқарушылардың көмегіне жүгінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

52 жастағы әйел резеңке қайықпен аралға өтіп, кері қайта алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

— Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде профилактикалық рейд барысында ТЖМ қызметкерлеріне демалушылар көмек сұрап жүгінді. Белгілі болғандай, Павлодар облысының 52 жастағы тұрғыны резеңке қайықпен аралға өткен, алайда кері қайтуға батылы жетпей, сол жерде қалып қойған, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, моторлы қайықпен әйелді жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрілігі су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға шақырады.