Баянауылдан Қарағандыға дейін жол жабылды

Таңертең жабылған жол трассасы әлі де жабық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиалының мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер - Ботақара» автожолының учаскесінде (137-231ш) Баянауыл ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Жолды 11 наурызда сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ, 8 облыстағы 13 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Оның ішінде «Астана – Шідерті – Павлодар – Успен – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті) және «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» 970-1135 шақырымы (Қарағанды облысы шекарасы - Шідерті ауылы) жол бағыттары бар.