Бейбіт күннің батыры: Асанның ерлігі елеусіз қалмады (ВИДЕО)

Бейбіт күннің батыры: Асанның ерлігі елеусіз қалмады (ВИДЕО)
Фото: Константин Музалевский

Павлодарда суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалған Асан Асайынов марапатталды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

20 жасар Асан Асайыновқа бүгін Павлодар облыстық мәслихатында құрмет көрсетілді. 

Студенттің батылдығын бағалаған Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ерекше сый жасады. Оқу орны Асанға университет ректорының грантын табыс етті. Ал облыстық мәслихат депутаты Гнел Акопян жас батырға заманауи ноутбук сыйлады.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова партиялықтардың атынан Асанға ақшалай сертификат табыс етті.

- Сіз батылдықтың үлгісісіз. Қайсарлығыңызбен жас педагогтар мен өскелең ұрпаққа үлгі көрсете білдіңіз. Сізге зор денсаулық тілеймін және анаңызға осындай ұлды тәрбиелегені үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің керемет маман болатыныңызға сенімдімін, - деді Айгүл Маликова.

Еске сала кетейік, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Асан Асайынов 12 шілде күні орталық жағажайда демалып жатқан кезде судағы екі баланың әрекеті күдік тудырған. Балаларды құтқару кезінде студенттің өзі де суға батып кете жаздаған. 

Судың жағасында тұрған кезде екі ер баланың Ертісте суға батып бара жатқанын көріп қалдым. Олар жағадан он метр қашықтықта суда жүзген, – деп еске алады Асан Асайынов. – Бастапқыда ұлдар ойнап жатыр деп ойлап қалдым. 

Алайда кенеттен суға батып бара жатқан 15-16 жастағы ұлдардың досы Асанға жүгіріп келіп, көмек сұраған. 

Бірден ұлдарды құтқару үшін соларға қарай жүзе бастадым. Бір бала судың астына кете жаздады, бірақ оны шашынан ұстап, су үстіне шығарып үлгердім. Бірінші баланы құтқарған кезде екіншісі мені судың астына тарта бастады, – дейді студент.

Болған оқиғаға бей-жай қарамаған Асан жасөспірімдердің суға кетуіне жол бермей, екеуін де судан аман алып шыққан болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AMANAT Павлодар облысы (@amanat_pavlodar)