Биыл Павлодар облысында қанша кәсіпкердің құқығы қорғалды?

Бизнес өкілдері заңға бағынуда және тәртіп бұзбауға тырысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында өңірдің бақылау-қадағалау органдарының бизнес алдындағы жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күні өткізілді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Даурен Жамбайбек төрағалық етті.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Абенов әкімшілік қысым индексі туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. 2024 жылға арналған деректер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппараты ұсынған, өйткені кейбір мемлекеттік органдар 2025 жылғы мәліметтерді әлі жеткізбеген.
Бұл индекс бизнесті қорғау бойынша Бас прокуратура, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл және «Атамекен» ҰКП бекіткен кешенді жоспар аясында зерттеледі. Индекс бақылау түрлері, статистикалық мәліметтер мен кәсіпкерлік субъектілерінің сауалнамалары негізінде есептеледі.
Ерқанат Абеновтың айтуынша, негізгі көрсеткіштердің бірі – тексерулердің нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар үлесі. 2024 жылы Павлодар облысында бұл көрсеткіш 36 пайызды құрады, бұл тексерулер көп болғанымен олардың негізділігі төмен екенін білдіреді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқық бұзушылықтарының үлесі небәрі 3 пайызды құрап, бұл өңірдегі бизнес өкілдерінің заңға бағынатынын айғақтайды.
Бірыңғай есеп беру күні барысында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, бақылау-қадағалау органдарының жауаптарын алды. Мұндай шара жыл сайын өткізіліп тұрады және оған өңірдегі барлық тиісті ведомстволар қатысады.
Ерқанат Абенов Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау арқылы көрсеткіштер жақсаратынына сенім білдірді.