Былтыр Павлодар облысында төрт адам ыстан уланып, жан тапсырған

Былтыр Павлодар облысында төрт адам ыстан уланып, жан тапсырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ТЖД қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қыс мезгілінде жеке үй секторы тұрғындарының көпшілігі жылыту пештерін пайдаланады және оны қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау қайғылы салдарға әкеледі.

2024 жылы көміртегі тотығымен уланудың 12 фактісі тіркелді, салдарынан төрт адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті, – дейді департаментте. 

Көміртегі тотығы ауамен араласып, таралу кезінде улы қасиеттері тез жайылады және оның иісі де, түсі де болмайды. Сол себепті халық оны тілсіз жау деп атайды. 

Қайғылы жағдайларға алып келетін себептер – ақаулық, жылыту жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі, пештің жабық қақпағы, желдетудің бұзылуы, гараждағы автокөлік қозғалтқышының жұмыс істеп тұруы.