Екібастұз кенішінде электр слесарін ток соқты
Жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға 22 қарашада «Богатырь көмір» ЖШС-де орын алды. 31 жастағы электр слесарін ток соғып, салдарынан жұмысшы мерт болды.
Департамент өкілдері жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастыруда. Соның нәтижелері бойынша мән-жайы мен себебі анықталады.
«Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Компания қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.