Екібастұзда куәгер бассейнге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Екібастұзда куәгер бассейнге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
Фото: grad.ua/ru

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 18 маусымда сағат 16:00-де Екібастұз қалалық ауруханасына 2015 жылы туған бала 103 қызметкерімен жеткізілген.

– Куәгерлердің айтуынша, шомылу кезінде бала бассейнде тұншығып қалған. Сол жерде демалып жақан адамдардың бірі баланы судан шығарып, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Куәгердің жедел әрекет етуі нәтижесінде  бала аман қалды, – дейді департаментте. 

Баланы жедел жәрдем алып кетіп, жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Қазіргі таңда оң динамика байқалады.