Екібастұзда мас күйінде тұрғын үйдің кіреберісінде ұйықтап қалғандар жазаланды

Екібастұзда мас күйінде тұрғын үйдің кіреберісінде ұйықтап қалғандар жазаланды
Фото: Полиция департаменті

Олар детоксикация орталығына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының тұрғындары 102 операторының пультіне қоңырау шалып, Энергетиктер көшесіндегі үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған мас адамға шағымданды. 

Осындай жағдай Кеншілер көшесіндегі тұрғын үйде де қайталанған. Полицейлер бұл адамдарды Екібастұз қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін оларға полиция инспекторлары әкімшілік хаттамалар толтырып, айыппұлдар салды. 

Жыл басынан бергі 15 күнінде уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 314 адам жеткізілген. Олар мас күйінде  болғаны немесе қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін өңірдің 175 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.