Екібастұзда мектепке дайындық мәселесі талқыланды

Екібастұзда мектепке дайындық мәселесі талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Сенімен болашақ» РҚБ бастамасымен және «Қайнар» оқушылар сарайының қолдауымен «Мектепке дайындық» семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жиынға Екібастұз қаласының әртүрлі мектебінен 60-қа жуық ата-ана қатысты. «Сенімен болашақ» Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс бірлестіктің жұмысымен таныстырып, негізгі бағыттарын айтып өтті.  Екібастұз қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция майоры Тахир Калимульдинов «Бөтен балалар болмайды. Үйден мектепке дейінгі қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сөз сөйледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің негіздері: жолды кесіп өту ережелері, шағылыстыратын элементтерді пайдалану, велосипедтер мен мотороллердегі қауіпсіздік. Балаларға егер бейтаныс адам жақындаса, не істеу керек, қалай дұрыс әрекет ету керек және кімге хабарлау керек жайлы түсіндіру маңызды. Сондай-ақ бала кіші жастан төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау: жедел телефондар, көшеде адасып қалғанда не істеу керек екенін бастап білуі тиіс, – деді Тахир Калимульдинов.

Медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс педиатры Жұпар Есмағамбетова «Бала денсаулығы және әл-ауқаты: тамақтану, физикалық белсенділік, денсаулық мәдениеті, ұйқы және экран» тақырыбы бойынша өз кеңестерімен бөлісті.  Қазақстан Республикасында бизнес-жоспарларды әзірлеу және инвестициялық жобаларды қаржылық моделдеу саласындағы сарапшы, шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын тарту бойынша үздік тәжірибеші Гүлсара Кабельдинова «Қаржылық сауаттылық»  тақырыбында сөз қозғады. Ол ақшаны дұрыс жұмсау, тиімді жинау  туралы айтып берді. 

Шара соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.