Екібастұзда жұмысшыларды таситын автобус өртке оранды

Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 07:23-те Екібастұз қаласындағы вагон құрастыру компаниясының аумағында автобустың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр алаңында автобустың жануын сағат 07:58-де толықтай жойды, – деді департаментте.
Автобус жұмысшыларды тасымалдауға арналған болатын. Жолаушылар көліктен өздігінен шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.