Екібастұзда жанған пәтерде қалып қойған жасөспірімді құтқарды
Ол ұйықтап жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 шілде таңғы сағат 06:18-де 101 пультіне Сәтпаев көшесі, 37/5 мекенжайында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін сол көше бойымен келе жатқан екі күзетші өртті көріп, еш ойланбастан үйге дереу кірген. Олар алтыншы қабатқа көтеріліп, өрт шыққан үйде бір жасөспірім баланың қалып қойғанын көршілерден білді. Күзетшілер беттерін дымқыл шүберекпен жауып, жас баланы пәтерден алып шықты. 14 жастағы ер бала арғы бөлмеде ұйықтап жатқан еді.
Өрттің себебі мен залалы анықталуда.
Фото: Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы