Екібастұздық жас туристер Қазақстан чемпионатында үш қола медаль алды
Команда туристік көпсайыстың үш кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешенінің «ЗЮВС» туристік клубының тәрбиеленушілері туристік көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті.
30 маусым мен 5 шілде аралығында өткен республикалық жарысқа 10–17 жас аралығындағы 13 спортшы қатысты. Алты күн бойы жас туристер күш, төзімділік және командалық шеберлік бойынша сынға түсті.
Чемпионат қорытындысында екібастұздық команда «Байламдар», «Қысқа қашықтық» және «Фигуралық веложүргізу» кезеңдерінде үшінші орынға ие болды.
Жетістік «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешенінде туристік спорттың жүйелі дамып келе жатқанын және жас спортшылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті.