Екібастұздықтар тоғыз ауыл өндірушілерінің өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алды

Екібастұздықтар тоғыз ауыл өндірушілерінің өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде сиыр еті 2100 теңгеден, жылқы еті 2500 теңгеден сатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, тоғыз ауыл мен ауылдық округтердің өндірушілері ет, сүт және көкөніс өнімдерін төмендетілген бағамен ұсынды.

Қала тұрғындары сиыр етін 2100 теңгеден, жылқы етін 2500 теңгеден, қой етін 2100 теңгеден сатып алды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде қала тұрғындары сүтті 200 теңгеге, өсімдік майынын бір литрін 600 теңгеге, бірінші сұрыпты нанды 95 теңгеге, макаронды 275 теңгеге, күрішті 484 теңгеге, қарақұмықты 143 теңгеге, картопты 100 теңгеге, сәбізді 120, пиязды 110 теңгеге сатып ала алды. 

– Жәрмеңкеде барлығы 23 ірі қара мал, сегіз жылқы және алты қой еті сатылды, – деді шаһар басшысы. – Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдеріне ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы әңгімелестік. 

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бизнесті дамытуға шағын несие алуға мүмкіндік береді.