Екібастұзда телефон алаяқтықтың жолы кесілді

Екібастұзда телефон алаяқтықтың жолы кесілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әйел SMS арқылы түскен кодты алаяқтарға айтып, кейін өкінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласындағы кенттердің бірінде телефон арқылы алаяқтық әрекетке байланысты оқиға орын алды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жақында емханада талдау тапсырған. Біраз уақыттан кейін оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін сол медициналық мекеменің қызметкерлері ретінде таныстырған. Алаяқтар талдау нәтижелерін нақтылау сылтауымен әйелден ақпаратты растау үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған.

– Әйел қоңырау шалғандарға сеніп, кодты айтып берген, алайда көп ұзамай күмәнданып, алаяқтармен сөйлескенін түсінген. Ол дереу полицияға және банкке жүгінген. Қаржы мекемесі мен құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында шоттағы кейінгі операциялар бұғатталып, қаскөйлер жәбірленушінің ақшалай қаражатын иемдене алмады, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Басқа жағдайда полицияның кезекші бөліміне сол кенттің тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін тергеу бөлімінің қызметкері ретінде таныстырды.

Қоңырау шалушы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және «оның деректерін куәландыру» үшін мессенджерге жіберілген сілтеме бойынша өтуді ұсынғанын хабарлады.

Әйел күдіктеніп, кезекші бөлімнің пультіне, «102» нөміріне қоңырау шалды. Полиция қызметкерлері ақпаратты тексеріп, ведомствода мұндай қызметкерлер жоқ екенін растады, ал қоңырау алаяқтардан түскенін айтты.

Полицейлер әйелге бұдан былай өте сақ болу және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу, банк карталарының жеке деректері мен деректемелерін бөгде адамдарға хабарламау қажеттігі туралы ескертті. 

Өз кезегінде, өтініш берушілер полиция қызметкерлеріне жедел көмегі үшін алғыс білдірді.