Екінші Павлодарда су құбырындағы апаттың кесірінен бірнеше көше сусыз қалып отыр
Су ақау жойылғаннан кейін беріледі , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, диаметрі 200 миллиметр су құбырындағы зақымды «Павлодар– Водоканал» ЖШС жою үстінде. Сумен жабдықтау төменгі мекенжайлар бойынша тоқтатылды:
Московская, Крылов, Геринг, Елгин, Қамзин көшелеріндегі үйлер, оның ішінде жатақхана, көлік жуу, өрт сөндіру бөлімі, балабақша ғимараттары бар.