Енді «Ертіс орманына» бару ақылы
«Ертіс орманы» резерватына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік табиғи орман резерватының ақпараты бойынша, орманға келушіде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін ақы төлегенін растайтын құжаттың болуы қажет. Ол табиғи резерват аумағына баруға мүмкіндік береді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру құны биыл 345 теңгені құрайды. Ол ҚР Салық кодексінің 589-592-баптары негізінде өткізу құны әрбір жеке және заңды тұлғадан ЕҚТА пайдаланғаны үшін 0,1 АЕК мөлшерінде салық аударымы болып табылады.
- Жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, ағаштар мен бұталардың бұзылуына және кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, бұлақ көздерінің бітелуіне жол бермеуге, жабайы өсетін азық-түлік орман ресурстарын, дәрілік шикізатты өсуіне зиян келтірмейтін тәсілдермен белгілі мерзімдерде жинауға міндетті. Орман заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, - делінген хабарламада.
Рұқсат құжаттарынсыз ЕҚТА жерлеріне баруған тұлғаларды 5 АЕК көлеміндегі айыппұл күтеді. Ал ЕҚТА-ға жасалған 367-баптың 3-бөлігіне сәйкес ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайтын болады.