Ерлік эстафетасы: Песчаное ауылында кадеттер арасында алғашқы спорттық турнир өтті

Ерлік эстафетасы: Песчаное ауылында кадеттер арасында алғашқы спорттық турнир өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жас патриоттар «Заң мен тәртіп» акциясы аясында бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауқымды волейбол турнирі Ұлы Отан соғысының ардагері Мәжен Жақыповтың және Отан қорғаушылардың рухына арналды.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Батырлардың туған-туыстары, тыл еңбеккерлері мен ауыл тұрғындары қаза болғандарды еске алды. Еркіндік үшін күрескендерге құрмет ретінде салют атылды.

– Естелік – бұл батырлықпен жазылған ортақ тарихымыз. Оны жас ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз. Бүгін, Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында, біз болашағымыз үшін шайқасқан, Отанымызды қорғап, бізге бейбіт өмір сыйлаған жандарды еске алып, құрмет көрсетеміз, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орумбаев.

Спорт алаңында алты үздік команда бақ сынады. Олар - «Жас шекарашы», «Жас сарбаз-1», Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз-2», Қалқаманнан келген «Жас сарбаз-3», А.Тезекбаев атындағы «Жас сақшы», Ф.Какабаев атындағы «Жас сақшы».

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтті – бұл әр командаға өз мүмкіндіктерін толық көрсетуге мүмкіндік берді. Тартысты бәсекеде А.Тезекбаев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбының тәрбиеленушілері алтыннан алқа тақты.

– Жеңіс бізге үлкен қуат берді. Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын таңдауға ынталандырып, командалық рухты нығайтады. Біз бүгін бірінші орынды иеленіп, зор күш-қуат алдық, – деп әсерлерімен бөлісті жеңімпаздар.

Алғашқы облыстық турнир жас буынның спортты жанына серік етіп, тәртіпті таңдайтынын және батырлардың ерлігіне асқан құрметен қарайтынын көрсетті.