Ертіс ауданында мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Оның жүргізуші куәлігі де болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз жұмыс күшіне шетелдік азаматтарды мәжбүрлеу фактілерінің жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жобасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері облыстағы шаруа қожалықтарын тексереді.
Бақылау кезінде Қоскөл ауылының аумағында ауылдық жолдағы учаскелік полиция инспекторы қой бағып жүрген «HONGYA» маркалы мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.
– Әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 50 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде болғаны расталды. Сонымен қатар, көлік құралдарын жүргізу куәлігі де жоқ,–дейді департаментте.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 6-бөлімінің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралып, ер адамды 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.