Ертіс ауданындағы шалғай ауылдарға жол тартылып, су құбыры тартылды
Ұзынсу ауылындағы су құбырының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Асайын Байханов Ертіс ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде абаттандыру жобаларымен танысты.
Ұзынсу ауылындағы Су құбырының құрылысы аяқталған Ұзынсу ауылындағы ауызсуды қосымша тазарту және тұзсыздандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
- Содан кейін Ленино – Амангелді айналма жолына бардым. Амангелді ауылына апаратын жолдың Ресейдің аумағына ену мәселесі бар. Мәселені шешу үшін осы учаскені айналып өтетін айналма жол салу қажет. Жаңа жол бойынша ЖСҚ бар, бірақ, оны түзету қажет. Жобаны жақын арада республикалық бюджет комиссиясының қарауына тапсыру үшін қажетті есептеулерді жүргізуді тапсырдым, - деп жазды Асайын Байханов.
Осы жылы ауданда «Ертіс» станциясына дейінгі автожолға орташа жөндеу жүргізіліп, Қараөткел және Кеңес ауылдарына апаратын кіре беріс жолдар асфальтталды. Ал қыркүйекте Бұланбай ауылының жолын жөндеу аяқталады.
Ауданда кентішілік жолдарды жөндеу толығымен іске асырылып, Амангелді ауылының 3 көшесін асфальттау жүріп жатыр. 2024 жылы ауданның 22 шақырым жолын жаңарту және жақсы жолдармен қамтамасыз етуді 98%-ға дейін арттыру жоспарлануда.