Жұмыс іздеп жүрген павлодарлықтарды бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады

Жұмыс іздеп жүрген павлодарлықтарды бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыс берушілер Жастар бастамаларын дамыту орталығында жиналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

30 мамырда сағат 11:00 Ломов көшесі, 38 мекенжайында бос орындар жәрмеңкесі өтеді. 

– Армандағы қызметті тапқыңыз келсе – бос орындар жәрмеңкесіне келіңіз. Сізді жұмыс берушілермен бетпе-бет әңгімелесу, бірден сұхбаттасудан өтуге мүмкіндік беріледі, – дейді ұйымдастырушылар.

Өңірдің алдыңғы қатарлы ұйымдарының өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.