«Halyq radiosy» тың жобаның тұсауын кеседі

«Halyq radiosy» тың жобаның тұсауын кеседі
Фото: Константин Шелков

«ТӨЛМҰРА» – рухани-мәдени, танымдық-сазды жоба, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бағдарлама қазақтың ұлттық бірегей төл өнерін тереңнен тарқата паш етіп, олардың тарихы мен ұлттық мәдениеттегі алар орнын, маңызын насихаттауды, тарихи тұлғалар мен осы жолда жүрген бүгінгі өкілдерін, шығармашылық әлемдегі жаңалықтары мен туындыларын дәріптеуді, жас ұрпақтың құндылыққа деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұтады.

Жаңа жоба ұлттық мәдениетіміздің Айтыс, Дәстүрлі ән, Күй, Жыр-Терме, Шешендік өнер секілді бағыттарын қамтиды.

Аталған міндетті орындау бағытындағы алғашқы эфир қонақтары – қазақтың дәстүрлік ән өнерінің ірі өкілі Ербол Айтбаев, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы» Павлодар облыстық филиалының директоры Асығат Тұрғанбек, күйшілік өнер қауымдастығының көрнекті өкілі Серік Сыздықов, Абай өлеңдерін насихаттаушы, жыршы Даниял Әсенов, әнші-термеші, актер Нұржан Сарқамбаев, айтыскер ақын, «Мәшһүр жол» аудио-жобасының авторы Аспанбек Шұғатай.

«Төлмұра» жобасының тұсаукесер эфирін 24-тамыз, бейсенбі күні, сағат 17.10-да тікелей толқында тыңдаңыздар!

Жоба жетекшісі – «Halyq Radiosy»-ның бас редакторы Асыл Әбіш Assyl Abish. 

Жүргізуші – Еламан Қабділәшім.