Кенжекөлде өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді (ВИДЕО)
Жалын үш гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 10 мамырда Кенжекөл ауылының шетінде құрғақ шөп пен қамыс өртенген.
– Өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді. Оқиға орнына жеке құрамнан төрт техника мен 12 адам шықты. Үш гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс жанды, – дейді департаментте.
№ 3 өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылының жедел іс-қимылының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Кенжекөл ауылының тұрғыны жедел шақыру орнына келіп, тілсіз жауды сөндірген өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram