Марғұлан университетінің ректоры: реформа ең алдымен адами капиталды дамытуға бағытталған

Марғұлан университетінің ректоры: реформа ең алдымен адами капиталды дамытуға бағытталған
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Ержан Әмірбекұлы редакциясын талқылауға қатысты түсіндіру жұмысында белсенді қатысып жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар ауданында Марғұлан университетінің БасқармаТөрағасы – ректоры Ержан Әмірбекұлының қатысуымен жиын өтті. Онда ол жаңа Конституцияға ұсынылған өзгерістерге ғылыми баға беріп, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Ректордың айтуынша, жүргізіліп жатқан реформалар ең алдымен адами капиталды дамытуға бағытталған.

Ректор университет ұжымы мен студенттер қауымы жаңа Конституцияның редакциясымен мұқият және ойланып танысатынына сенім білдірді. 

- Жаңа Конституция жобасы білім мен ғылымның, инновациялар мен жасанды интеллект технологияларының жүйелі дамуына кең мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ елдің дәстүрлі құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастықты қамтамасыз етеді, - деді ол.

Айта кетелік, жаңа редакция 11 бөлім мен 95 баптан тұрады, оның ішінде 77 бапқа өзгерістер енгізілген. Бұл мәтіннің 84 пайызын құрайды және фактілік түрде елдің негізгі заңын толық қамтиды.