Майқайыңда 40 тонна шөп өртенді

Майқайыңда 40 тонна шөп өртенді
Фото: Константин Шелков

Өрт сөндіруге 17 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйекте өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне Майқайың кентінде шөптің өртенгені жайлы хабарлама түскен. 

Жеке меншік үй аумағында, шаруашылық ауласының  250 шаршы метрінде, 40 тонна алаңда 130 орам шөп жанған. 

Орын алған апатты жағдайды сөндіруге өрт сөндіру бекеті, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, үкіметтік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері, сондай-ақ КӘАҚҚ РО «Майқайың-алтын» АҚ-ның жүк тиегіші көмекке келді. 

– Шөпті электр беру желілерінен 15 метр, жолдардан 20 метр және тұрғын үй құрылыстарынан 50 метр алшақтау жерде сақтау керек, – деп ескертеді департаментте. 

Айта кетейік, шөп, жем немесе дәнді дақылдар сақталатын жерлерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіп, ашық далада шөп жинау кезінде минералданған жолақтарды орнату қажет. 

Сондай-ақ, тракторларды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет. Мұндай құрылғының болуы өрттің алдын алуға және мүлікті сақтауға көмектеседі.