Май ауданында топтық су құбырының ұңғымасындағы сорғы жабдығы қалпына келтірілді

Май ауданында топтық су құбырының ұңғымасындағы сорғы жабдығы қалпына келтірілді
Фото: РМК «Қазсушар» Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бір қозғалтқыш толықтай істен шыққан болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Май топтық су құбыры жүйесінің үздіксіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында №6 ұңғымада сорғы жабдығын ауыстыру бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстардың себебі «Wiilo typ Sub TW6.30-08-С» сорғы қондырғысына орнатылған ЭЦВ 6-10-80 маркалы сорғы қозғалтқышының істен шығуы болды. Техникалық тексеру барысында қозғалтқыштың толық істен шыққаны, жөндеуге келмейтіні және әрі қарай пайдалануға жарамсыз екені анықталды.

– 11 қарашада ескі сорғы агрегаты алынып, оның орнына жаңа сорғы агрегаты орнатылды. Барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі мен пайдалану нормаларының талаптарына сәйкес толық көлемде орындалды», – деп хабарлады РМК «Қазсушар» Павлодар облыстық филиалында.

Бұл жұмыстарды орындауға сорғы жабдығын жөндеу жөніндегі үш слесарь, бір электр маманы және бір арнайы техника бірлігі (сорғыны көтеріп, орнатуға арналған кран) тартылды.

Жүргізілген шаралар судың штаттық берілуін қалпына келтіруге және қызмет көрсетілетін елді мекендерді үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.