Наурызда Павлодарда мыңға жуық спортшы жиналады

Наурызда Павлодарда мыңға жуық спортшы жиналады
Фото: Константин Шелков

Облыста 70-тен астам спорттық жарыстар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында 20 наурыз бүкіл ел бойынша Ұлттық спорт түрлері күні болып жарияланды. Облыс басшылығы бұған ерекше мән беріп отыр. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев мәлім еткендей, 14-25 наурыз аралығында облыста 70-тен астам спорттық іс-шара өтеді. Дегенмен, оның негізгі бөлігі айдың соңына жоспарланған.

- 20 наурызда Шарбақты, Баянауыл, Май және Аққулы ауданында көкпардан, Тереңкөл ауданында асық атудан, Успен ауданында қазақ күресінен, Ақсуда қошқар көтеруден, Екібастұзда асық ату мен тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді, - деп хабарлады Азамат Имашев. – 21 наурызда Ертіс ауданында аударыспақ пен қазақ күресінен, Ақсуда қазақ күресінен жарыс өтеді.

Көктемгі күн мен түннің теңелетін күні облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында бұқаралық және ұлттық спорттың 11 түрінен жарыстар өтеді. Кез келген адам садақ атып, тоғызқұмалақ ойнай алады, арқан тартыс, гір тасын көтеру немесе қошқар көтеруден өз күшін сынай алады.

Дәл осы күні Павлодарда Денис Теннің мемориалы басталады, оған еліміздің 13 облысынан жас спортшылар жиналады. Жеңімпаз 200-ге жуық мәнерлеп сырғанаушылар арасында анықтайды. Ал 25 наурызда самбодан жастар арасындағы ел чемпионаты басталады. Қазақстанның барлық 20 облысынан 500-ден астам палуан келеді.

Жарыс 28 наурызға дейін жалғасады және «Бірлік» жекпе-жек сарайында өтеді.