«Отбасы банкінің» өкілдері Атамекен кентінің тұрғындарымен кездеседі
Кездесуде тұрғын үй бағдарламары талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, 27 ақпан күні, сағат 18:00-де «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп Атамекен кентінің тұрғындарымен диалог алаңы ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Павлодар қалалық әкімдігі, Атамекен кенті, Сарыарқа көшесі, 53А, Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйі.