Павлодарға қаржы вице-министрі келеді
Кездесу облыс орталығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеді.
- Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі Эльдар Қазғанбаевтың халықпен кездесуі өтеді. Халықпен тілдесу жиыны 19 шілде күні сағат 10:00-ге жоспарланған, - делінген хабарламада.
Кездесу Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үйдің мәжіліс залында бейнеконференцбайланысы арқылы өтеді.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 74–94–06.