Павлодар қаласының әкімі жаңа балалар алаңының сапасына ерекше мән берді

Шаһарда облыс әкімінің қолдауымен биыл 50 жаңа балалар алаңын орнату көзделген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірінші алаң 13 сәуірде орнатылған. Қазіргі таңда 39 нысандағы жұмыстар аяқталған.
Қала әкімі облыс әкімінің тапсырмасымен Достық шағын ауданында қосымша бес алаң орнатылатынын атап өтті. Барлық жұмыстарды 20 мамырға дейін аяқтау жоспарлануда.
– Бұл салаға жауапты қызметтерге сапаға ерекше мән беруді тапсырдым. Басты мақсат – балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Хасар Хабылбеков.
Осылайша, балаларымызға жайлы әрі қауіпсіз ойын алаңдарында ойнай алуы үшін жұмыс қатаң бақылауда жүргізілуде.