Павлодар қаласының тұрғыны алаяқтың айласына түсіп қалды

Павлодар қаласының тұрғыны алаяқтың айласына түсіп қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бейтаныс жігіт әйелді алаяқтардан «қорғамақ» болып алдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Күн сайын полиция департаменті интернет алаяқтықтары туралы хабарлауда. Тәртіп сақшылары азаматтарды қылмыскерлердің айласына түспеуге, қырағы болуға шақырып, ескертсе де, жәбірленгендердің саны артып келеді. Тек биылғы жылдың басынан бері облыста 1137 интернет-алаяқтық тіркелсе, оның 830-ы Павлодарда, 184-і Екібастұзда анықталған болатын.

Жақында болған жағдайдың бірі павлодарлық әйелдің басынан өтті. Әйелге белгісіз ер адам телефон соққан. Ол телефон арқылы әйелге алаяқтар өз есепшотына аудармақ болған ақшаны қайтарып алуға көмектескісі келетінін айтты. Әйел бейтаныс жігітке сеніп, бар ақшадан айырылған.

– Телефон немесе мессенджерлер арқылы жеке мәліметтеріңізді, банк картасының нөмірлерін немесе SMS кодтарын бермеңіз. Егер біреу өзін банктің, полицияның немесе басқа мекеменің қызметкерімін деп таныстырса – сенбеңіз, – деп кеңес береді полиция департаментінде.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылық – айыппұлдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі іс-әрекеттің зияны мен ауырлығына қарай жазаланады.