Павлодар қан орталығында медициналық зертхана ашылды

Бұл аккредиттеу рәсімінен сәтті өту мүмкіндігін арттырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Орталық ISO 15189 стандарты бойынша жоспарлы аккредитациялауға дайындық ретінде зертхананы жаңғырту мен жаңарту жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде зертхана халықаралық деңгейдегі заманауи зертхананың талаптарына сай келеді.
Орталықтың шаруашылық қызметі 2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта зертханада ауқымды қайта құрудың тұтас кешенін жүзеге асырды: барлық үй-жайларды (450 шаршы метрден астам) толық жөндеу, электр сымдарын ауыстыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жөндеу, желдету жүйесін, ауаны баптау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
– Үй-жайлар қайта жоспарланып, кабинеттер мен зертханалық бөлмелердің іші безендірілді. Зертханалық жиһаздар да толықтай дерлік жаңартылды және енді заманауи зертхананы жабдықтаудың қатаң стандарттарына сай болады, – дейді мекемеде.
Орталық бюджет қаражаты есебінен зертхана үшін арнайы жаңа медициналық жабдықтардың көптеген түрлерін сатып алды: заманауи автоматты ИХЛA анализаторлары, Cobas S201, Cobas 5800 нақты уақыт режиміндегі автоматты ПТР анализаторлары. Жаңа Vitros иммунохилюминесценция анализаторы АИТВ, В, С гепатиті және қан арқылы өтетін басқа да инфекцияларды анықтау үшін сынақтар жүргізеді.
Жаңа медициналық жабдықтар әлеуетті донорлардағы ауруларды анықтау әдісін жақсартады, осылайша қан орталығында дайындалатын қан препараттарының қауіпсіздігін арттырады. Медициналық зертхананы жаңғырту қан орталығының зертханалық қызметінің табысты дамуына қосымша серпін береді.