«Ертіс орманы» резерваты аумағында өте жоғары өрт қауіптілігі жарияланды

Далада аптап ыстық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» табиғи резерватының мәліметінше, ауа райының аптап ыстығы мен құрғақшылыққа байланысты мемлекеттік орман қоры аумағында төтенше өрт қаупі тіркеліп отыр.
– Өз қауіпсіздігіңіз үшін орманда от жақпаңыз, темекі тұқылын тастамаңыз, көліктермен орманға кірмеңіз, балалардың әрекеттерін қадағалаңыз, – деді резерватта.
Түтін немесе жалын көрсеңіз, «101», «112» немесе орман күзетіне +7 705 601 96 80 нөміріне хабарласыңыз.