Павлодар ауданында бағдарынан жаңылған жігіт жоғалып кетті

Павлодар ауданында бағдарынан жаңылған жігіт жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Василий Кульчевский 29 қыркүйекте Мичурин ауылында жоғалып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Vita еріктілерінің мәліметінше, ол жуырда ғана ауыстырылған арнайы мекемеде тұрады,  бірақ бұған дейін де бірнеше рет  қашып кеткен. 

– Василий бағдарынан жаңылған әрі сенгіш. Кез келген жерде: Мичурин, Черноярка ауылдарында, Павлодарда болуы мүмкін. Бәлкім, онымен бірге автобуста келген шығарсыздар. Жасы – 18-де. Мүмкіндігі шектеулі, сөйлеу және есту қабілеті бұзылған, – дейді еріктілер.  

Іздеушілер ұйымында Василий Кульчевскийді көрген адамдар болса, келесі нөмірлер бойынша дереу хабарлауды сұрайды: 7 (747) 615 55 63 (Катерина),  +7 (777) 334 82 01 (Светлана) немесе 102.