Павлодар ауданында полицейлер жоғалған жылқыларды тапты

Павлодар ауданында полицейлер жоғалған жылқыларды тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адам жоғалған жылқыларды өз күшімен табуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Үміт-апа ауылының тұрғыны полицияға еркін жайылымда жүрген үш бас жылқысынан айырылғаны туралы хабарлаған. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жылқылардың орналасқан жерін анықтау үшін дереу шаралар қабылдады.

– Іздеу іс-шаралары барысында полицейлер жоғалған жылқыларды Успен ауданы Константиновка ауылының маңынан даладан тапты. Иесі өз жануарларын таныды. Ауыл тұрғыны полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді, – деді  Павлодар ауданының полиция бөлімінде.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, жайылымдарда малды қараусыз қалдырмауға шақырады, өйткені бақылаусыз жайылып жүрген мал қылмыскерлердің оңай олжасына айналады.