Павлодар облысында Сәтбаев атындағы каналдың сусорғы агрегаттары ауыстырылады

Павлодар облысында Сәтбаев атындағы каналдың сусорғы агрегаттары ауыстырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жұмыстар алдағы төрт жылда орындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік әлемде теңдесі жоқ гидротехникалық құрылысты кешенді реконструкциялаудың Жол картасын әзірледі. Бұл жұмыстар алдағы төрт жылда іске асырылады.

– «Халық санының артуы және өндірістік кәсіпорындардың көбеюіне байланысты каналдың су ресурстарына сұраныс ұлғаюда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл министрлік Қ.Сәтбаев атындағы каналды кешенді жаңғырту жұмысын бастайды. Жол картасына сай, 2028 жылға дейін 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын жаңартамыз. Осының нәтижесіне сумен қамту сапасын арттырып, каналды ұзақ мерзім бойы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткіміз келеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауызсумен қамтамасыз етіп отыр. Аталған үш өңірдегі өндіріс ошақтары мен шаруа қожалықтары да каналдың суын пайдаланады. Гидротехникалық нысанның жалпы ұзындығы – 458 шақырым.