Павлодар бағбаншылықтарында «ыстық» тұманмен өңдеу жүргізілді
Тосқауылдық өңдеу үшін арнайы генераторлар қолданылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, үш бағыт бойынша «Яблонька», «Южный», «Клен», «Сосновый бор», «Энтузиаст», «Құрылысшы», «Северный» бағбаншылық шаруашылықтарында «ыстық» тұман генераторларымен тосқауылдық өңдеу жүргізілді. Жұмыс сағат 18:00-де басталды
– Сондай-ақ сағат 22:30-дан бастап Жаңа ауыл, Лесозавод, Хромзавод, Зеленстрой, Екінші Павлодар, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы, Ардагерлер алаңы, Орталық алаң, Гагарин алаңы, Металлургтер саябағы, Жеңіс алаңы, Ленин саябағы, Оңтүстік су қоршау аймағы қамтылды, – дейді бөлімде.
Бұған дейін ауданы 700 га Былқылдақ және ауданы 300 га Сарымсақ көлдерінде шағын авиациямен - ұшақпен өңдеу жүргізілді. Ғылыми топтың ұсынысы бойынша масалардың дернәсілдеріне қарсы «Бактицид» биологиялық препараты қолданылды.
Сондай-ақ «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС мердігерлік ұйымы «Тотал» химиялық препаратымен жертөле үй-жайларындағы шыбын-шіркейлерді дернәсілдік сатысында жою бойынша дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram